Мазмұнға өту
RINAT EXPEDITIONS

Rinat Expeditions · Ақтау, Қазақстан

Ақтаудан Маңғыстау бойынша велотурлар

Ақтаудан Маңғыстаудың ең әдемі жерлеріне бір күндік велоэкспедициялар. Бағыт күнге байланысты: кестені қарап, басты бетте жазылыңыз.

  • 1 күн
  • 40–50 км
  • Ақтаудан трансфер
  • Велосипед жалдау
Велоэкспедиция қатысушысы Бозжыраның бор жартастары үстінде велосипедімен

Бағыттар

Күн қалай өтеді

  1. Ақтауда жиналамыз, велосипедтерді тиейміз.
  2. Стартқа трансфер: адамдар микроавтобуспен, велосипедтер «Газельмен».
  3. Қысқа нұсқаулық, велосипедтерді баптаймыз.
  4. Демалыс пен суретке аялдай отырып, бір қалыпты қарқынмен шамамен 40–50 км.
  5. Бағытта түскі ас, су және жеңіл тамақ.
  6. Мәре: велосипедтерді тиеп, кешке Ақтауға ораламыз.

Бағаға не кіреді

  • Ақтаудан барып-қайту трансфері
  • Велосипедтерді «Газельмен» тасымалдау
  • Сүйемелдеу көлігі: құралдар, қосалқы камералар, су, дәрі қобдишасы
  • Түскі ас, су және жеңіл тамақ
  • Сапардан фото және видео

Кімге лайық

Велосипедті сенімді тебе алатын жаңадан бастаушыларға: қарқынды топқа қарай реттейміз, соңғы қатысушының артынан сүйемелдеу көлігі жүреді, шаршасаңыз, көлікпен жеткіземіз. Жалғыз келуге болады: сіз топпен бірге жүресіз. 18 жасқа толмаған қатысушыларға ата-ананың жазбаша келісімі керек.

Өзіңізбен не алу керек

Ауа райына сай ыңғайлы спорттық киім, жабық аяқ киім, бас киім немесе бафф, күннен қорғайтын көзілдірік пен крем, қолғап, шағын рюкзак, жеке куәлік және жеке дәрі-дәрмек. Дулыға міндетті, велосипед жалдағанда берілмейді: өзіңіздікі керек.

Бағасы және жазылу

2027 жылы бір сапар шамамен 20 000 ₸ тұрады, бағасы қашықтыққа байланысты. Тау велосипедін жалдау — бір сапарға шамамен 15 000 ₸. Нақты соманы жазылған кезде көресіз.

2027 жылғы кесте Жаңа жылдан бастап жарияланады. Алдымен WhatsApp тобымызға қосылыңыз: жаңа күндер алдымен сонда шығады. Сапарларға жазылу тек сайтта.

Басты беттегі брондау формасы әзірге орыс тілінде. Сұрағыңыз болса, WhatsApp-қа немесе Instagram-ға жазыңыз.

26 желтоқсан: Кемпинг Vol.2 New Year — жаңа жылдық велозаезд және демалыс базасындағы мерекелік кеш. Басты бетте жазылу →

Пайдалы мақалалар (орысша)

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңадан бастаушыға бола ма?

Иә. Қарқынды топқа қарай реттейміз, жолда демалыс пен суретке аялдаймыз, ал соңғы қатысушының артынан сүйемелдеу көлігі жүреді. Шаршасаңыз, көлікпен жеткіземіз.

Өз велосипедім керек пе?

Жоқ. Брондау кезінде дайындалған тау велосипедін жалға алуға болады.

Бағаға не кіреді?

Ақтаудан барып-қайту трансфері, бағыттағы сүйемелдеу және сүйемелдеу көлігі, түскі ас, су мен жеңіл тамақ, фото және видео. Велосипед жалдау бөлек төленеді.

Ауа райы нашар болса не болады?

Ауа райы сапарға қауіпті болса (қатты жел, найзағай, қатты ыстық), ұйымдастырушы заездті басқа күнге ауыстырады және қатысушыларға алдын ала хабарлайды.

Қалай төлеймін?

Брондағаннан кейін соманы және Kaspi нөмірін көресіз. Төлемді аударып, түсініктемеге брон кодын жазыңыз.