Мазмұнға өту
RINAT EXPEDITIONS

Rinat Expeditions

Сұрақтар мен жауаптар

2026 маусымындағы ең жиі сұрақтар. Жауап таппасаңыз, WhatsApp-қа немесе Instagram-ға жазыңыз.

Келесі сапар қашан?

2027 жылғы сапарлар кестесін Жаңа жылдан кейін жариялаймыз. Хабарландырулар алдымен WhatsApp тобымызға түседі — жіберіп алмау үшін қосылыңыз. Жақын іс-шара — 26 желтоқсандағы Кемпинг Vol.2 New Year.

Қалай жазылуға болады?

Алдымен WhatsApp тобымызға қосылыңыз, содан кейін осы сайтта тіркеліңіз. Сапарларға тіркелу тек сайт арқылы.

Тіркеле алмай жатырмын. Не істеу керек?

Instagram-да @rinatexpeditions парақшасына немесе WhatsApp тобына жазыңыз — тіркелуге көмектесеміз.

Сапарға не кіреді?

Толық ұйымдастырылған сапарлар: трансфер, велосипед тасымалы, тамақ, су және техникалық көмек кіреді. Түскі ас, фото және видео да кіреді. Велосипедіңіз болмаса, жалға алуға болады.

Қанша тұрады?

2027 жылы сапар шамамен 20 000 ₸, бағасы қашықтыққа байланысты. Велосипед жалдау — шамамен 15 000 ₸. 26 желтоқсандағы Кемпинг Vol.2 New Year — 20 000 ₸, бәрі кіреді: мерекелік дастархан, сусындар, монша, бағдарлама. Заездке велосипед жалдау — 10 000 ₸.

Қанша шақырым? Мен үлгеремін бе?

Сапарға байланысты: мысалы, Бозжыра — шамамен 40–50 км, Саура — шамамен 40 км. Қарқын жайлы, бақылау нүктелері бар, әр сапарда топтың соңынан сүйемелдеу көлігі жүреді. Нақты қашықтық әр хабарландыруда көрсетіледі.

Өзіммен не алуым керек?

Дулыға міндетті. Велоқолғап, желден қорғайтын күртке және жылы киім алуды ұсынамыз. Жылдамдығы ауысатын велосипед керек — немесе бізден жалға алыңыз. Велосипедті біз тасимыз, старттқа жеңіл келе беріңіз.

Жасөспірімдерге бола ма?

Иә. 18 жасқа толмаған қатысушыларға ата-ананың жазбаша келісімі керек.

Мен басқа қаладанмын немесе басқа елденмін. Сіздерге қалай жетемін?

Қуана күтеміз! Алдын ала келісім бойынша Ақтау әуежайында қарсы аламыз, тұрғын үй табуға көмектесеміз және Маңғыстау бойынша бүкіл сапарды ұйымдастырамыз — бір күндіктен көп күндік экспедицияларға дейін. Толығырақ келісу үшін Instagram немесе WhatsApp-қа жазыңыз.

Ауа райы қандай? Тым ыстық немесе желді болмай ма?

Маңғыстауда қатты жел болады, сондықтан заттар тізімінде желден қорғайтын күртке мен жылы киім бар. Қарқын жайлы, бақылау нүктелері бар, топтың соңынан сүйемелдеу көлігі жүреді.

Жиын қай жерде?

Жиналу орны мен уақыты әр хабарландыруда көрсетіледі.

Топта қанша адам болады?

15 адамнан бастап топпен жүреміз, жоғарғы шегі жоқ.

26 желтоқсандағы қысқы кемпингке не алу керек?

Жақсы көңіл-күй мен әдемі киім 😄 Велозаездке (17:00-де Мәңгілік алау жанынан старт, 19:00-ге дейін) — велосипед (жалдау 10 000 ₸) пен дулыға, велосипедке шамдарды сыйлаймыз. Қалғанын өзіміз ұйымдастырамыз.

Ағылшынша сөйлейсіздер ме?

Иә, ұйымдастырушы ағылшынша сөйлейді және бүкіл сапарда топпен бірге болады.

Жаңа жылдық кемпингке велосипедсіз келуге бола ма?

Иә. Демалыс базасындағы кешке ғана келуге болады (20:30-дан бастап), бағасы сол — 20 000 ₸. Заездке шықпайтындарға трансфер бар. Сайтта жазылғанда «Тек кеш» нұсқасын таңда.

★ Біз Tripadvisor-дамыз — пікір қалдырыңыз →

Бағыттар

Пайдалы мақалалар (орысша)